Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Несие алған адамды өмірін сақтандыруға банк міндеттей алады ма?

фото: vuzopedia.ru; rally36.ru

Несие алған адамды өмірін сақтандыруға банк міндеттей алады ма?

10.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Банк несие алуға ниетті адамды өмірін сақтандыруға міндеттей алмайды. Егер талап қойса, тұтынушының құқығы бұзылады. Заңнамада “сақтандыру полисін пайдалануы тиіс” деген норма жоқ. Сол себепті қаржы ұйымдары қарыз алушыға өмірін сақтандыруды ұсынады. Тұтынушы қаласа, сақтандыру түрі мен компанияны таңдауға құқылы, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Шұғыл ақша керек болып қаржы ұйымына жүгінген кезде көбі шартқа көңіл бөлмейді. Банктер соны пайдаланып, айтылуы тиіс кей деректі жасырып қалуы мүмкін. Соның кесірінен тұтынушының шығыны көбейеді.

Банк сақтандыру полисін пайдалануға мәжбүрлеуі мүмкін. Алайда заңгерлер бұл заңсыз әрекет дейді.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025
Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

“Өмірін сақтандыру – әр азаматтың ерікті шешімі. Заң бойынша қандай да бір талап қою заң нормаларына қарама қайшы келеді. Адамдар өмірін сақтандырған кезде пайдасы көбіне банктерге түсіп отырады. Қандай да бір жағдай болғанда ғана адамға көмегі тимесе, басқа кезде артық шығын төлейді”, – деді заңгер Аида Қуандықова.

Әр тұтынушы сақтандыру полисінен бас тартуға толық құқылы. Банк мұндай қадамға еншілес ұйымдарының пайдасын арттыру үшін барады екен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері де банктердің талап қоя алмайтынын растады. Клиент келіссе, сақтандыру сомасы сол несиенің ішіне кіреді. Әрі ставкасы да төмен болады. Келіспесе, қарызды қайтармау тәуекелі жоғары тұтынушы есебінде мөлшерлеме ұлғаяды.

“Кейбір банктер өмірді, денсаулықты немесе мүлікті сақтандыруды міндетті түрде талап етеді. Бұл несие құнын арттырады. Қандай сақтандыру түрлері қажет екенін анықтап, өзіңізге ыңғайлы компанияны таңдаңыз”, – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Олжас Рамазанов.

Бастысы, өмірін сақтандырған ақшаны қайтарып алуға болады дейді заңгерлер. Ол үшін қарыз мерзімінен бұрын өтелуі тиіс. Бірақ сақтандыру полисі бір-ақ жылға жасалатындықтан, бұл мүмкіндік көпке қолжетімді емес секілді.

Тег: банкБасты жаңалықтарсақтандыру

Ұқсас материалдар

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025

Елімізде мал бағып, шаруашылықпен айналысу үшін қомақты қаржы керек, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Баға рейтингін жасау кезінде сиыр, ешкі, қой...

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігер тапшылығы мәселесін шешу бағытында қандай тетіктер іске асып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. - Кадрлар...

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

08.05.2025

2024 жылы 1 млн-нан астам Қазақстан азаматы шетелге саяхаттаған. Бұл туралы Туристік қамқор қорының директоры Асылхан Есілов айтты, деп хабарлайды...

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

08.05.2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушылардың есіне салды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. — Қазақстан Республикасының заңнамасына...

Келесі
Енді блогерлердің қаралым үшін берілетін монетизациясына салық салынады

Енді блогерлердің қаралым үшін берілетін монетизациясына салық салынады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz