Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Енді блогерлердің қаралым үшін берілетін монетизациясына салық салынады

фото: freepik.com

Енді блогерлердің қаралым үшін берілетін монетизациясына салық салынады

10.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандықтарға Youtube пен Instagram, Tiktok-тағы контенттің қаралымы үшін төленетін монетизацияға да салық салынады. Ал кәсіпкер ретінде тіркелмей, блогерлікті табыс көзіне айналдырғандар декларация тапсыруға міндетті. Олар жыл сайын 15 қыркүйектен кешікпей кірісі мен мүлкі жайлы есеп беріп отыруы тиіс, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматылық Павел Шамин – Youtube-тағы монетизациядан табыс табатын блогердің бірі. Оның айтуынша, қаралым үшін төленетін қаржы айтарлықтай көп емес. Сонау АҚШ-тан аударылатын ақша қолға тигенше платформа мен банк процесінде онсыз да комиссиялар ұсталады. Енді оған салық салынса, еш пайда жоқ дейді. Айтуынша, кәсіпкер емес блогерлерді декларацияға міндеттеу де орынсыз.

“Кейбіреулерінде мысалы коммерциялық тапсырыстар, интеграциялар бар. Соның арқасында жақсы ақша алады. Ал монетизацияға Қазақстанға ең арзанын төлейді. Мың қаралымға 1 долларға да жетпейтін ақша береді. Енді ойлаңызшы өзіңіз, осы айда 100 мың, не 1 млн қаралым жинайсыз ба, жинамайсыз ба белгісіз ғой”, – деді қазақстандық блогер Павел Шамин.

Мемлекеттік кірістер комитеті заңға сәйкес кез келген кіріске салық салынатынын хабарлап отыр. АҚШ не Еуропа аударса да, монетизациядан түскен табыстың 10%-ы қазынаға алынады.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025
Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

“Шетелдік компаниялар арқылы кіріс алған жағдайда да Қазақстанда салық төлеу қажет. Егер төлем Қазақстанда салық агенттері деп танылған платформалардың өкілдері арқылы жүзеге асырылса, салықты агент автоматты түрде ұстап, аударады”, – деді Алматы қаласы МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының басқарма басшысы Айжан Бекеева.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, былтыр блогерлерден қазынаға 3 миллиард теңгеден аса қаржы түскен.

Тег: блогермонетизациясалық

Ұқсас материалдар

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025

Елімізде мал бағып, шаруашылықпен айналысу үшін қомақты қаржы керек, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Баға рейтингін жасау кезінде сиыр, ешкі, қой...

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігер тапшылығы мәселесін шешу бағытында қандай тетіктер іске асып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. - Кадрлар...

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

08.05.2025

2024 жылы 1 млн-нан астам Қазақстан азаматы шетелге саяхаттаған. Бұл туралы Туристік қамқор қорының директоры Асылхан Есілов айтты, деп хабарлайды...

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

08.05.2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушылардың есіне салды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. — Қазақстан Республикасының заңнамасына...

Келесі
Қазақстанда нотариус қызметі қанша тұрады?

Қазақстанда нотариус қызметі қанша тұрады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz