Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қарасай ауданына қарасты бөбекжайдың бірінде баланың денесін тістелеп тастаған (фото)

Фото: pixabay.com

Қарасай ауданына қарасты бөбекжайдың бірінде баланың денесін тістелеп тастаған (фото)

Тәрбиешіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды

18.08.2023
Жаңа Қазақстан
144
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылына қарасты “Жәния” жекеменшік балабақшасында кәмелетке толмаған сәбиді қатты тістеп тастау дерегі анықталды. Полиция департаменті аталған фактіні растады, деп жазады kaskelen.kz тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат EGOV.PRESS Telegram арнасында пайда болды.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Әлеуметтік желіде Алматы облысы Абай ауылындағы балабақшада бүлдіршін денесінің көп жері тістелінген фотосы тарап жатыр. Баланың ата-анасы бұл ересек адамның ісі деген пікірде”, – делінген жазбада.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Алматы облысының полиция департаментіне хабарластық. Ведомство оқиғаның болғанын растады.

Ведомство мәліметінше, 16 тамызда Қарасай ауданы әкімшілігіне Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша дереу аудандық ІІБ ТЖД-ға тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте тәрбиешіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды”, – деді Ернар Сайдильдин.

Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 3-бөлігімен облыстық білім басқармасына хаттама дайындалды.

Одан бөлек, kaskelen.kz тілшісі балабақша меңгерушісімен телефон арқылы сөйлесті. Тамаша Баисова бүгін аудандық полиция бөліміне баратынын жеткізді. Аталған мәселеге қатысты қосымша ақпаратты kaskelen.kz сайты жариялап отырады.

Аталған оқиғаға қатысты желі қолданушылары өз пікірлерін білдіруде. Пікірлер де екіге бөлінді. Бірі тәрбиешілерге кінә артса, ендібірі қатарластары деген пікірде.

“Тістеп алды… Балада мүмкін бірдеңеге аллергия шығар? Бірден әкімшілікті жазаға тарту керек пе… Енді қылт етсе болды, темір торға тоғыту керек пе?”, “Ештеңе етпейді, май жақса кетеді ғой”, “Бала тістеп алса, бірдеңе жасау керек. Осындай жағдайлар өте көп. Қазіргі уақытта баланың барлығы агрессияға бейім. Тәрбие солай ма…”, – деп жазған желі қолданушылары тәрбиеленушілер арасында келіспеушілік орын алды деген пікірге келді.

Айта кетейік, дәл сол күні электр энергиясы өшіп, камералар істемей қалған көрінеді.

“Осындай мекемелердің барлығында камералар істемейді”, “Өз балаларыңды осылай тістелеп тастаса көрер едік”, “Тіс іздеріне ұқсайтын аллергия белгісін бірінші рет көріп тұрмын”, “Қамау керек, жаза қолдану керек. Ересектер балалардың әлсіздігін пайдаланады”, – деді пікір қалдырушылар.

 

 

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Түркістан облысында өтірік балабақша ашып мемлекеттің ақшасын жымқырған

Түркістан облысында өтірік балабақша ашып мемлекеттің ақшасын жымқырған

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz