Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қанша акушер еңбек етеді?

фото: diagnost-nsk.ru

Елімізде қанша акушер еңбек етеді?

08.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді, олардың 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады және әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр.

— Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін қамқорлық жасап, тек медициналық емес, моральдық қолдау да көрсетеді. Бұл — әйелдер мен олардың сәбилері үшін ең толқынысты әрі маңызды сәттерде жанында болатын нағыз қаһармандар, — делінген ДСМ хабарламасында.

Қазақстандағы босандыру жүйесі туралы деректер:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025
  • Елімізде 240 босандыру ұйымы, оның ішінде 58 перзентхана және 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді;
  • Амбулаториялық көмекті 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт көрсетеді;
  • Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді, олардың 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді;
  • Перзентханаларда 3 740 акушер, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 3 675 акушер қызмет етеді;
  • 600-ден астам акушер шалғай жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттерде қызмет көрсетіп отыр.

Халықаралық акушерлер күнін белгілеу туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде мойындалды. Қазақстанда бұл күннің де өзіндік маңызы зор — әрбір қуанышты сәбидің дүниеге келуінің артында өз ісіне мұқият, тәжірибелі және адал акушерлер тұр.

 

Тег: акушер

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz