Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

фото: pixabay.com

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

08.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушылардың есіне салды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Осыған орай компания жолаушыларға сапарға шығар алдында алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала мұқият танысу қажеттігін қатаң түрде ескертеді, — деп хабарлады компаниядан.

Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды?

● Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар;

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

● Радиоактивті және есірткі заттары, тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде бензин, метил эфирі, метанол;

● Жанғыш қатты заттар;

● Сұйық немесе қатты күйдегі улы, күшті әсері бар улы заттар;

● Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, құрамында осындай залалы бар заттар мен бұйымдар;

● Атыс қаруының барлық түрлері, оның ішінде лақтыру, электрлік, механикалық қарулар, аралас, ұңғысыз травматикалық, газды, соққылау-ұсақтау әрекетінің заттары, шашкалар, қылыштар, кескіштер, ятагандар, палаштар, шпагалар, түйрегіштер, қанжарлар, қылыш, шанышқы, кортиктер, стилеттер, кастеттер, сойылдар;

● Атыс және газ қаруларына арналған оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік, жарық-дыбыстық, травматикалық әсер ететін патрондар, бос, жарақталған аңшылық патрондар.

— Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді. Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылармен, стационарлық және қол металл детекторларымен, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған. Сонымен қатар, бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді, — делінген хабарламада.

Сапар кезінде де қауіпсіздік үнемі қатаң бақылауда. Пойыздарда орнатылған бейнебақылау жүйесі арқылы жүргізілетін жазбалар тек «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ситуациялық орталығының уәкілетті қызметкерлеріне ғана қолжетімді. Бақылау тәулік бойы жүзеге асырылады және вагондар, кіру-шығу есіктері мен жалпы қолданыстағы аймақтар арнайы камералармен толық қамтылған.

Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстар нәтижесінде «Тальго» пойыздарының 24 құрамында 1350 бейнекамера іске қосылды.

 

Тег: затпойызтасу

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz