Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Мемлекет қандай фильмдерді қаржыландырады?

фото: pixabay.com

Мемлекет қандай фильмдерді қаржыландырады?

15.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Енді Қазақстанда прокатқа шығатын фильмдер қатаң бақыланбақ, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Министрлік мамандары «Кинематография туралы» заңының талаптарын қайта қарауды жоспарлап отырғандарын айтады. Ұлттық киноны қолдау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Kazinform тілшісіне берген сұхбатында ұлттық жобалардың қалай іріктелетінін түсіндірді.

— Былтыр енгізілген ережелерді кино саласындағы мамандармен бірлесе отырып жасаған едік. Ең бірінші министрлік тақырыптық жоспарларды бекітеді. Соған сай сценарий жазуға 60 күн уақыт беріледі. 1-кезек — бұл сценарийлерді іріктеу кезеңі. Ол үшін Ұлттық киноны қолдау орталығының сараптама кеңесі жасақталған. Ол жерде өндірістің бастапқы сатысынан бастап, прокатқа шыққанға дейінгі салада жұмыс істейтін мамандар қамтылған. Сараптама кеңесі 3 секциядан тұрады: деректі фильмдер, көркем фильм және анимациялық фильмдер. Әр саланың мамандары сценарийді өздері іріктейді. 2-кезеңге өткен сценарийлерді түсірілім тобы YouTube платформасының тікелей эфирінде ашық түрде қорғауы керек. Өз жобаларының маңыздылығын түсіндіріп, артықшылығын айтуы тиіс. Не себепті мемлекеттік қаржы алуға лайық екенін дәлелдеу қажет. Мәдениет және ақпарат министрлігінде ведомствоаралық комиссия бар. Оның құрамында Мәдениет және ақпарат, Қаржы, СІМ, Білім министрліктері бар. Олар келесі кезеңге өткен фильмді идеологиялық тұрғыда тексереді. Ол сүзгіден өткеннен кейін министрлік қай фильмдерді қаржыландыру керектігі туралы шешім шығарады. Мысалы, былтыр 500-ге жуық сценарий ұсынылса, оның 18-і ғана өндіріске жіберілді, — дейді Әділет Омаров.

Ал биыл 444 сценарий ұсынылыпты. Бірақ оның 128-і ғана келесі кезеңге өткен. Жауаптылар жобалардың құжатын толық тексеріп біткен соң лайықтыларын ашық қорғауға ұсынбақ. Ал Ұлттық киноны қолдау орталығының маманы қазіргі уақытта қандай ірі жобалар атқарылып жатқанын жеткізді.

Сізге ұнауы мүмкін

Егер бала шетелде туылса, оның құжаттарын қалай рәсімдеу керек?

Егер бала шетелде туылса, оның құжаттарын қалай рәсімдеу керек?

15.05.2025
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлем елдерінің арасында нешінші орында тұр?

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлем елдерінің арасында нешінші орында тұр?

15.05.2025

— Қазіргі уақытта толықметражды анимациялық «Команда А» деген жоба өндірісте. Бұл жобаның өндірісін Орталық Азияда танымал KUBIQ деген компания қолға алып жатыр. Сонымен қатар толықметражды «38» деген киножоба бар. Бұл — Қазақстандағы орманшылар туралы түсірілетін алғашқы фильм. Оған қоса танымал режиссер Диас Бертістің «Кенжем қайда?» жобасы бар. Осындай бәсекелестік бар ортада сапа жоғары болады. Сол себепті Қазақстандағы кино саласы алдағы уақытта жоғары деңгейге көтеріледі деп есептеймін, — дейді ол.

Мамандар ұлттық жобаларды іріктеген кезде ең бірінші идеологияға баса мән беретіндерін айтады. Сондай-ақ бұрын соңды қозғалмаған өзекті тақырыптарға мән береді. Алайда нарықты да назарға алатындарын жасырмады.

— Біз нарықты, көрерменнің сұранысын үнемі бақылап отырамыз. Әртүрлі жанрдағы фильмдерді түсіріп, экспериментке баратынымыз да сондықтан. Одан бөлек, жас режиссерлерге сенім артып, дебюттық жобаларды жиі жарыққа шығарамыз. Сараптама кеңесі сценарийлердің бәрін толықтай қарайды. Оның әр бөлігіне мән беруге тырысады. Актерлерді таңдағанда да, саундтрекін дайындағанда да барлығын назарға алуға жағдай жасайды. Қандай актер сұранысқа ие немесе қазір қандай трендтер бар — бәріне мән беріледі. Бірақ, әрине, бұл критерийлерді барлық жобаға қолдана алмайсың. Тарихи жобаларға мұндай дүниелер әсер етпейді, — дейді маман.

Жалпы мемлекет фильмнің өндірісіне ақша бөледі. Бірақ оның прокаты мен маркетингіне қаржы қарастырылмаған. Содан болар, министрліктің тапсырысымен түсірілетін сапалы фильмдер көпшіліктің құлағына жетпей қалып жатады. Десе де, көрермендердің көңілінен шығып, жоғары бағасын алған туындылар да аз емес.

— Қазір көбісі фильмдерді кассамен бағалайды. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін. Мысалы, біздің тапсырысымызбен түсірілген «Ағайындылар» фильмі 30 шақты кинофестивальдің жүлдегері атанды. Өте сапалы жасалған фильм. Біз мұндай туындылар арқылы көрерменнің кәсіби фильмдерге деген талғамын өсіріп жатырмыз. «Набат операциясы» деген фильміміз де өте жоғары деңгейде түсірілген, — дейді Ұлттық киноны қолдау орталығы басқарма төрағасының орынбасары.

Басқарма қызметкері мемлекет тапсырысымен жобаларды дайындайтын продюсерлер де фильмнің жарнамасына атсалысу керектігін айтады.

— Прокатқа шыққан фильмнің кассасынан кинотеатрлар 50%, дистрибьюторлар 10% алады. Қалған 40%-дың 20%-ын ғана олар мемлекетке қайтарады. Жалпы 80% пайда оларда. Сол себепті продюсер ретінде фильмінің танылуына өзі мүдделі болуы керек қой. Себебі, қаламақыдан бөлек, кассадан түскен пайданың қаншама бөлігін өзіне қалдыруға мемлекет онсыз да мүмкіндік беріп тұр, — дейді ол.

 

Тег: қаржыландыруфильм

Ұқсас материалдар

Егер бала шетелде туылса, оның құжаттарын қалай рәсімдеу керек?

Егер бала шетелде туылса, оның құжаттарын қалай рәсімдеу керек?

15.05.2025

Қазақстан азаматтарының шетелде туған сәбилерін тіркеу екі жолмен жүзеге асырылады: елшілік немесе консулдық мекемелер арқылы не Қазақстан аумағындағы тіркеу органдарында...

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлем елдерінің арасында нешінші орында тұр?

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлем елдерінің арасында нешінші орында тұр?

15.05.2025

Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша Human Progress Index (HPI) рейтингінде 196 елдің ішінде 70-орынға тұрақтады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. 2025...

Пәтерді жалға беруші еш себепсіз босатуды талап етсе не істеу керек?

Пәтерді жалға беруші еш себепсіз босатуды талап етсе не істеу керек?

15.05.2025

Елімізде біреудің пәтерін жалға алып тұратын азаматтар саны аз емес. Кейбір жағдайда баспана иесі ешбір негізсіз немесе келісімшарт шарттарын бұзып,...

Еліміздің халықаралық резервтері қанша долларға жетті?

Еліміздің халықаралық резервтері қанша долларға жетті?

15.05.2025

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президент қабылдауынан кейін өткен жылғы атқарылған жұмыстың есебін беріп, биылғы жоспармен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz