Угандалық 70 жастағы Сафина Намуквая экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы егіз туып, рекорд орнатты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Daily Star порталына сілтеме жасап.
Ол Кампаладағы Әйелдер халықаралық госпиталі және ұрықтандыру орталығында ұл мен қызды дүниеге әкелді.
Бұған дейін әйел 2020 жылы ЭКО көмегімен қызды дүниеге әкелген еді.
Намуквая рекордтық жетістікке жеткеніне қарамастан, егіздердің әкесі белгісіз себептермен оны тастап кетті.
“Құрсағыңда баланың біреу емес екенін есту ер адамдарға ұнамайды. Емханада болғаннан бері ол бір рет те келмеді”, – деді угандалық әйел.
70 жастағы ана жүкті кезінде жұмыс істемегендіктен, халықтан материалдық көмек көрсетуді сұрады. Аурухана қызметкерлері Намуквайдың тарихи жетістігін растап, егіздердің жағдайы жақсы екенін айтты.
Дүние жүзіндегі ана атанған ең қарт әйел – үндістандық Эрраматти Мангаямма. Ол да ЭКО көмегімен егіздерді 74 жасында дүниеге әкелген.