Бие сүтінен жасалған саумал дәстүрлі емдік сусынды қазақстандық өндірушілер Абу-Дабиде өтіп жатқан ХХ халықаралық аңшылық және ат спорты көрмесіне әкелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
ХХ халықаралық аңшылық және ат спорты көрмесіне қазақстандық қатысушылар бие сүтінен жасалған дәстүрлі емдік сусын саумалды ұсынды. Өнім көрмеге қатысушылар мен келушілер арасында танымал болды, деп хабарлайды 24 kz.
“Біз қазақстандық ұлттық брендтің өнімін ұсынамыз. Бұл табиғи бие сүті-емдік сусын. Қазіргі уақытта біз саумалды Әмірліктер мен Парсы шығанағы елдеріне сатамыз”, – дейді өндіруші компанияның өкілі Абдалла Халед Мариан.
Көрмеге әлемнің 65 елінен 1200 өнім өндіруші қатысады. Айта кетейік, биыл Орталық Азия елдерінен қатысушылардың тауарлары кеңінен ұсынылды.