Украина президенті Владимир Зеленский Отандық құраманың бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченконы өзінің штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Тиісті жарлық Зеленский кеңсесінің сайтында 2023 жылдың 26 қыркүйегінде жарияланған жарлықта Шевченконың қандай мәселелер бойынша кеңесші болатыны көрсетілмеген.
“Андрей Николаевич Шевченконы Украина Президентінің (Владимир Зеленский) (штаттан тыс) кеңесшісі етіп тағайындау”, – делінген №589/2023 жарлықта.
Шевченко Киевтік “Динамо”, “Милан”, “Челси” және Украина құрамасы үшін өткізген ойындарымен есте қалды. 2004 жылғы “Алтын доп” иегері.