Танымал актер Джеки Чан 25 желтоқсанда Шанхайдағы Линь Шань ауруханасына түсіп қалғаны белгілі болды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, дәрігерлер актердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі РБК-Украина басылымына сілтеме жасап.
69 жастағы актер Джеки Чан Шанхайдағы ауруханаға шұғыл түрде жеткізілген. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып, дәрігерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарында атап өтілгендей, Джеки Чанның ауруханаға жатқызылуы туралы барлық жаңалықтар қытайлық әлеуметтік желілерден белсенді түрде жойылып, бұл туралы хабарлаған аккаунттар бұғатталған.
Қазіргі уақытта актердің жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ, Джеки Чанның отбасы мен достары оның денсаулығына қатысты пікір білдірмеген.
Сонымен қатар Балқанда түсірілім кезінде актердің басынан ауыр жарақат алып, күрделі ота жасалғаны туралы ақпарат бар. Миының орнынан қозғалып кету қаупі туралы да айтылған.
Джеки Чан – гонконг, қытай және американдық кино актері, режиссер, продюсер, каратэші, әнші, музыкант және биші. Ол актерлік мансабын 1962 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін фильмдерге түсуді жалғастыруда. Кинодағы көрнекті жетістіктері үшін “Оскар” сыйлығын алған. Ол фильмдердегі трюктердің көпшілігін дублердің көмегінсіз – өзі орындайды. Өмірінде ол түрлі жарақаттар да алған.