Израиль мен ХАМАС кепілге алынған израильдіктердің кейбірін босату, соғыс қимылдарын тоқтату және кейбір палестиналық тұтқындарды Израиль түрмелерінен босату туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі ВВС сайтына сілтеме жасап .
Келісім нәтижесінде бірнеше шаралар қабылданды:
- ХАМАС кепілге алынған 50 израильдік бейбіт тұрғынды босатты;
- Израиль Газа секторында атысты 4 күнге тоқтатады;
- Израиль шамамен 150 палестиналық тұтқынды – әйелдер мен балаларды түрмеден босатады;
- Бітім кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен жанар-жағармай тиелген жүк көліктері жіберіледі.
ХАМАС бес күндік атысты тоқтату кезінде “ұрланған” 30 баланы, сегіз ананы және тағы 12 әйелді босатуы керек.
Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, алғашқы кепілге алынғандар бейсенбі күні босатылуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, күніне шамамен 12 тұтқын босатылады.
Заң бойынша жұртшылық 24 сағат ішінде белгілі бір адамды босатуға қарсы петиция жазуы керек.