Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен келіссөздер жүргізді

фото: ашық дереккөз

Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен келіссөздер жүргізді

19.01.2024
Әлемде
8
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл Қазақстан президенті ретінде Италияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Серджо Маттареллаға алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді серіктестерінің бірі – Италия Республикасымен қарым-қатынасы ұзақ уақыттан бері өзара тиімді сипатта дамып келе жатқанын жеткізген.

Сізге ұнауы мүмкін

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

07.02.2024
Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

05.02.2024

“Мен бүгін өзара мүддені көздейтін мәселелерді, атап айтқанда, экономикалық байланыстарды дамыту және екі елді өркендетуге бағытталған қатынастарды нығайту, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылағым келеді”, – деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуы бойынша, Италия Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі.

“Өзара сауда-саттық көлемі 14,5 миллиард доллардан асты. Таяу жылдары елдеріміз арасындағы тауар айналымы 20 миллиард долларға жетеді деп сенеміз. Италия – Қазақстан экономикасына қаржы салған басты инвесторлардың бірі. Біздің нарықта 300-ге жуық италиялық компания жұмыс істейді, соның ішінде ENI кәсіпорны да бар. ENI – көшбасшы компания. Біз екіжақты қатынастардағы жетістіктерді жоғары бағалаймыз. Біз олардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауды одан әрі жалғастыра береміз. Дегенмен экономика бағытына ғана емес, мәдениет, туризм сияқты басқа да көптеген саладағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру қажет. Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық өте табысты болатынына сенімдімін”, – деді президент.

Серджо Маттарелла Италия Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және қоғамдық реформаларға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтіп, Римге сапармен келгені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтқан. Оған қоса бүгінгі келіссөздердің нәтижесі екіжақты экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық байланыстарға тың серпін береді деп сенім білдірген.

“Достық рәуіште өткен кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Италия президенті мемлекет басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алды. Мұнан соң келіссөз дастарқан басында жалғасты”, – деп қосты Ақорда.

Еске сала кетейік, кеше Тоқаев Италияға ресми сапармен барған. Қазақстан президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі деп жоспарланған.

Тег: ИталиякеліссөзҚасым-жомарт ТоқаевпрезидентСерджо Маттарелла

Ұқсас материалдар

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

07.02.2024

АҚШ-қа қайырымдылық асқа барған имам Нұрлан Байжігітұлы Филадельфияда екі жастың некесін қиды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап....

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

05.02.2024

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің қазіргі басшысы Джо Байденді тағы сынап, үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп...

Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден тарихи жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден тарихи жеңіске жетті

05.02.2024

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаліне қолжеткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Ұлттық...

ММА жаттықтырушысы мен үш бала өлім аузынан аман қалды (видео)

ММА жаттықтырушысы мен үш бала өлім аузынан аман қалды (видео)

05.02.2024

Дағыстанда "Приора" көлігін жүргізіп келе жатқан жаттықтырушы мен балалар суға батып кете жаздады. Нәтижесінде екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды...

Келесі
Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz