АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ұлының Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунты бұзылды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
New York Post газеті жазғандай, хакерлер бұл мүмкіндікті саясаткердің өлімі туралы жалған жаңалықтарды жариялау үшін пайдаланды.
“Мен әкем Дональд Трамптың қайтыс болғанын хабарлауға қынжыламын. Мен 2024 жылы президенттікке үміткер боламын”, – делінген хакерлердің алғашқы хабарламасында.
Нақтылай келе, осыдан кейін Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде бұл қауесеттерді жоққа шығарды. Алайда, хакерлердің хабарламалары мұнымен аяқталған жоқ. Кейінірек Трамптың ұлы парақшасында Солтүстік Корея туралы мәлімдемелер, сондай-ақ АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденге қарсы қорлау пайда болды.