«Эйр Астана» өзінің 17 жылдығын атап өтті

Primary tabs

May 16, 2019 / 0 comments

Ұшуларды бастағаннан бері әуе компаниясы дерілік 44 миллион жолаушыны тасымалдады, және 493 мың рейс орындады.

«Эйр Астана» Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылы құрылған болатын және алғашқы рейс 2002 жылғы 15 мамырда орындалды. Компанияны құруға ҚР Өкіметі мен BAE Systems компаниясы әрқайсысы 1,2 млрд. АҚШ доллардан салған, және 5000 астам жұмыс орны құрылған.

«Эйр Астананың» 17-ші жылдығын FlyArystan бюджеттік бөлімшесінің рейстерін іске қосуымен белгіледі. Тұңғыш рейстерін отандық лоукостер 1 мамырдан Алматыдан елордаға және Таразға бастады. Сондай-ақ, әуекомпаниясы Қарағанды, Орал, Павлодар және Шымкент қалаларына қатынайды.

Үстіміздегі жылы «Эйр Астананың» әуепаркі Embraer 190 E-2 екінші ұшағымен толықты. Қалған үш әуе кемесі жылдың соңына дейін келу тиіс. Әуелайнер Қазақстан бойынша, Ресейге, Орталық Азияға, Кавказға, Украинаға және Қытайдың Үрімші қаласына рейстер орындайды.

Сәуірден бастап «Эйр Астана» Алматыдан Ташкентке 3 қосымша рейстерді, ал Нұр-Сұлтаннан 2 рейсті енгізді. Сол айдан бастап «Эйр Астана» Ыстамбұлға ұшып келетін және ұшып шығатын рейстерді жаңа әуежайға көшірді.

Одан басқа, шетелде ab-initio ұшқыштарды даярлау бағдарламасы жалғасып келеді. Бастаманың құрылғаннан бері 11 жыл ішінде әуекомпания 200 астам жас қазақстандықтарды оқытып, ұшқыш ретінде жұмысқа қабылдаған. Осы жылы әуетасымалдаушы Patria Flight Training Academy (Тампере қ., Финляндия) ұшу мектебімен ынтымақтастық туралы шарт жасады.

2019 жылы «Эйр Астана» TripAdvisor дүниежүзілік саяхаттар сайтының Travellers’ Choice Awards 2019 сыйлығының "Аймақтық Азия тасымалдаушысы" санатының және "Азиядағы жолаушы жайлылығы" санатының жеңімпазы деп атанды.

«Эйр Астана» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және BAE Systems компаниясының 51% және 49% тиісті үлестері бар бірлескен кәсіпорны болып табылады. Тұрақты рейстерді 2002 жылдың 15 мамырында орындай бастады және 60 астам халықаралық және ішкі бағыттарында ұшады. «Эйр Астана» компаниялар тобының әуе флоты Boeing 767/757, Airbus A320/А321 және Embraer E190 34 ұшағынан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздің әуе компания» сыйлығының 7

дүркін лауреаты. «Эйр Астана» tripadvisor сайтының travelers’ choice awards 2018/2019 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» cанатының екі дүркін жеңімпазы атанды.

«Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.