Алматыда қыздардың төбелесінен жаппай жол апаты болды

Primary tabs

Feb 14, 2019 / 0 comments

Алматыда көңіл көтеретін орындардың бірінде келеңсіз жағдай орын алды. Бір топ жастар мейрамхана алдында жанжалдасып, шу шығарған. Бастапқыда олар жаяу жүргіншілер жолында ұрысып тұрған. Алайда, артынан өзара келісе алмаған жастар көліктер ағылып жатқан жолға қарай шығып кеткен деп хабарлайды zakon.kz

Жол ортасында төбелескен жастардың кесірінен бірнеше көлік соқтығысып, жол апаты болған. Салдарынан үш жүргізуші зардап шеккен.

 

 

Chevrolet Cruze жүргізушісі жолын бөгеп тастаған бір топ жастардың алдында көлігін тоқтатуға мәжбүр болған.

Алайда, ер адам жылдамдығын түсіріп тоқтап қалған сәтте, оған Mitsubishi Galant көлігі келіп соқтығысқан. Бұл темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушісінің айтуынша, оның өзіне LADA Grantа көлігі соғылған.

 

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Рассказать Вконтакте

Көліктердің соқтығысуы нәтижесінде үш көлік жүргізушісі жарақат алды.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Рассказать Вконтакте

Кейін олар, төбелеске қыздардың белсене қатысқанын айтты. Бойжеткендердің бірі жарақат алған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек алдымен қызға, сосын жүргізушілерге көрсеткен.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Рассказать Вконтакте

 

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz