Астанада қарақшылар қолға түсті

Primary tabs

Jan 19, 2019 / 0 comments

Астана қаласының полицейлері әйелдерге күш көрсетіп, олардың сөмкелерін тартып алған төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.

18 қаңтар күні Астана тұрғыны сауда-ойын сауық орталығының жанында белгісіз біреулер күш көрсетіп, сөмкесін тартып алғанын айтқан. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында көп ұзамай төрт күдікті қолға түсіп, уақытша қамау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар, олардың уақытша тұрып жатқан жерлерінен тәркіленген. Қазіргі уақытта тонау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар ұсталғандарды басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.