Ақтөбе облысында мейірімді жандар бес балалы анаға пәтер алып берді

Primary tabs

May 07, 2019 / 0 comments

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Боқай Гүлжанат – көпбалалы ана. Ол 5 баласын жалғыз өзі тәрибелеп отыр. Оның күйеуі қайтыс болған екен. Мейірімді жандар «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясының аясында көпбалалы анаға екі бөлмелі пәтер алып берді.

«Ал бүгінгі қуанышқа – шалқарлық жамағаттың қолдауының арқасында қол жеткенін айтқым келеді. Қолдап, сауапты іске атсалысқан барша жамағатқа алғыс айтамыз. Жаңа қоныс құтты болсын!» - дейді өкіл имам Төлеби Дәділұлы.

Сонымен қатар Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев көпбалалы анаға тоңазытқыш, кір жуғыш машина және газ плитасының сертификатын табыстады. 

Айта кетсек, бұл мүфтият қолға алған «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында табысталған Қазақстан бойынша 19-ыншы, ал Ақтөбе облысы бойынша 3-баспана болды.