Басқарма басшысы ауысты

Primary tabs

Dec 28, 2018 / 0 comments

Облыс әкімі Амандық Баталовтың өкімімен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Мәрлен Көлбаев тағайындалды. Бұл туралы kaskelenkz тілшісі  jetysu_gazety-не сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұған дейін ол Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Мәрлен Қапашұлы 1976 жылы туған. «Жетісу» институтын, Ө. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын экономист-менеджер, заң бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Талдықорған қалалық ІІБ күзет бөлімінің күзетшісі болып бастаған.