БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ: ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫН АЛУ ҮШІН, БАРЫМДЫ САЛАМЫН

Primary tabs

Jan 13, 2020 / 0 comments

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов жаңа маусымдағы басты жаңалықтарымен бөлісті. Бекзаттың айтуынша, ақпан айының басында Қытайдың Ухань қаласында Токио ойындарына жолдама беретін лицензиялық турнир өтеді. Сол дүбірлі додаға қатысамын. Былтыр, Ресейдің Екатеринбург қаласында әлем чемпионы атандым. Бұл менің әлем біріншілігінде жеңіп алған алғашқы жүлдем. Жеке бапкерім Марат Жакиевпен бірге Америкаға барып та дайындалдық. Жалпы, доңыз жылына өкпем жоқ.

Биыл, Токио олимпиадасына қатысып, Маңғыстау облысынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанғым келеді. Қазіргі таңда Алматы облысындағы AIBA бокс академиясының базасында Бокстан ұлттық құрамасымен Куба, Венгрия және Жапония елдерінің командаларымен бірге оқу – жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Алға қойған мақсатым «Азиядағы іріктеу жарысында лицензия ұтып алу», - дейді Бекзат Жалғасбайұлы.

Арманы биік, мақсаты айқын – Бекзат ініме ақ жол тілеймін! 

 

 Айбек Мұханов, 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.