"Біз әділ сайлауды қалаймыз – біз көппіз": 1 мамырда елордалықтар мен алматылықтар митингке шықты

Primary tabs

May 02, 2019 / 0 comments

1 мамырға арналған халықтық серуен кезінде елорда тұрғындары көшеге шығып, президент сайлауының әділ өтуін талап етті.

Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, наразылық шеруі Абай көшесінен Республика даңғылына дейінгі аумақта болған. Полиция өкілдері азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзбаса, шеруге араласпайтынын мәлімдеді.

"Біз әділ сайлауды қалаймыз – біз көппіз", - деп қайталады наразы жұрт.

Кейін қала әкімдігінің алдындағы алаңда адамдарды ұстап, автобустарға отырғыза бастады.

 

"Не үшін ұстап жатырсыз?", - деп сұрады ер адам Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Малыбаевтан.

"Заңды бұзғаны үшін",- деп жауап берді Малыбаев.

Көп ұзамай алаңға жиналғандардың алдына елордалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтің өзі шықты.

Ол жиналғандармен сөйлесіп, заң аясында әрекет етуді және қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады.

"Ұсталғандарды босатамыз. Бірақ, алдымен бәрі тарап, тәртіп орнағаны қажет. Сабырлық сақтаңыздар. Біз өз қызметкерлерімізбен мән-жайды анықтаймыз. Заңды бұзған адам жазасын алады. Бейнематериалдар бар", - деді Сәденов.

Алматылықтар да көшеге шықты. Sputnik Қазақстанның Алматыдағы тілшісі хабарлағандай, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына да жүздеген адам жиналған.

Люди вышли на митинг в Алматы
© SPUTNIK / АННА ПЛАТОНОВА
Алматыда адамдар митингке шықты

Көшеге шыққан халық Қазақстанда сайлаудың әділ өтуін талап еткен. Бас көтерген ондаған адамды полицейлер ұстап әкетті. Олар Медеу ауданы ІІБ-ге жеткізілген.

Люди вышли на митинг в Алматы
© SPUTNIK / АННА ПЛАТОНОВА
Алматыдағы митинг


Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/incidents/20190501/10020061/Qazaqstan-prezident-sailauy-miting.html