Елбасы жолдауы - Қарасай ауданы қарсаңында

Primary tabs

Apr 13, 2018 / 0 comments

Қарасай ауданында кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Алайда, мемлекет тарапынан қандайда бір көмекке қол созбай, керісінше, туған елінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, халқының жағдайын жақсарту үшін тер төгіп жүрген жандар да жетерлік.

Соның бірі – ауданымызда ерекше емдеу клиникасын ашып, жаңашылдығымен жақсы жетістіктерге қол жеткізіп жүрген Светлана Буханова. Ол Алмалыбақ ауылында 2010 жылдан бері «Ем қонар ХХІ ғасыр» ашықтыру әдісімен емдеу клиникасының жұмысын жүргізуде.


Мұнда толық компьютерлік нақтыламадан өткен соң, әр науқасқа жекелей белгіленген мерзімдегі бағдарлама бойынша емделу тек адамның тәнін ғана жазып қоймайды, сана да сергіп шығады. Сонымен қатар, бүкіл ағзадағы көптеген аурулар емделеді.

Клиника ашу арқылы іскер әйел он адамды жұмыспен қамтып, оларға жақсы әлеуметтік жағдай туғызып отырғанын да айта кеткен жөн. Мұндағы іс барысында ұқыптылық пен тазалық ең алғашқы орынға қойылған. Үш ай сайын ыдыс-аяқ, төсек-орын жаңартылып, әр бөлме күніне бірнеше рет жуылады. 25 төсектік әр палатада науқастар үшін барлық қажеттіліктер қарастырылған.