Елордадағы төрт адамның қазасы: арнайы комиссия құрылды

Primary tabs

May 24, 2019 / 0 comments

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында "Астана Су Арнасы" МКК төрт қызметкерінің қаза табуына байланысты арнайы комиссия құрды.

Комиссия қайғылы жағдайды тергеп, себебін анықтаумен айналысады. Оны Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Комиссия құрамына қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдері кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 мамырда елордада кәріз құдығында төрт адам метаннан уланып көз жұмды. Зардап шеккендердің барлығы "Астана Су Арнасының" қызметкері.   

Жұмысшылар жұмыс істемей тұрған сорғы станциясына демонтаж жасамақ болған, сол кезде олардың бірі есінен танып, резервуарға құлап кетіпті. Екіншісі шығарып алмақ болып, төменге сатымен түскен, ол да есін жоғалтқан соң, үшіншісі мен төртіншісі көмекке ұмтылған.

Жоғарыда автокөлік жүргізушісі мен сантехниктердің бірі қалған. Олар жедел жәрдемге қоңырау шалып, болған жайды төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаған.


Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/incidents/20190523/10240373/Nur-Sultandagy-qaygyly-oqigaga-baylanysty-arnayy-komissiya-quryldy.html