Елімізде арақ 8 наурыздан бастап қымбаттайды

Primary tabs

Feb 26, 2019 / 0 comments

Күшті алкогольді сусындардың әрбір литрі 1923 теңге болады.

Қазақстан үкіметі арақ, айрықша арақ және күшті ликер-арақ өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР "Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңының 3-1 бабы, 5-1 тармағына сәйкес, күшті алкогольдік ішімдіктердің ең төменгі бөлшек бағасы әр литріне 1923 теңге болып бекітілді", — деді ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.