Еліміздің ғалымдары адамзатқа беймәлім химиялық құбылысты ашты

Primary tabs

Feb 13, 2019 / 0 comments

Қазақстандық ғалымдар титанның сулы ерітіндідегі бұған дейін белгісіз болған постэлектролиздік химиялық еру құбылысын анықтады. Бұл осы уақытқа дейін адамзатқа беймәлім болып келген құбылыс, сонымен қатар химия саласы бойынша Қазақстанда ашылған тұңғыш ғылыми жаңалық болып отыр. Енді осы жаңалықтың арқасында тәжірибеде іске татымайды деп бағаланып келген сынық, үгінді, ұнтақ күйіндегі титан қалдықтарын еріту арқылы одан металдың жаңа қосындыларын алуға мүмкіндік туып отырғандығы жөнінде жазады мақала авторы.

Әбдуәлі Баешов, химия ғылымдарының докторы: «Титан – ең тұрақты металдардың бірі. Қазақстанда оның өте көп қоры бар. Металл өте тұрақты болғандықтан, көптеген химиялық реакторлар, тікұшақ, ұшақ, кемелердің бәрі содан жасалады. Ол суда 20 жыл жатса да, өзгермейді. Бұл – оның жақсы қасиеті. Бірақ сол титаннан жасалған құралдар тозған кезде оларды ешқайда қолдана алмайтынбыз. Себебі оны қайтадан балқыту қиын еді. Біз соны оңай жолмен ерітудің жолын таптық». Өскемендік кәсіпкер 1500 бейнекамераны тегін орнатып берді. Қалада «Қауіпсіз аула» жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Жоба аясында шаһардағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылып жатыр. Осы жобаға алғаш болып Евгений Супроненко деген азамат қолдау білдірген. Нәтижесінде 10-ға жуық ауланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп жазады еліміздің бас газеті Егемен Қазақстан.  «Құзырлы органдардың мәліметтеріне сүйенсек, күнделікті бақыланатын бейнекамералардың арқасында өткен жылы қалада 300 құқық бұзушылық ашылған. Сондықтан бейнекамераларды орнату сән-салтанат емес, қажеттілік.

Жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге тек мемлекет қана емес, біз де, яғни кәсіпкерлер де мүдделі болуымыз керек».  «Алматы ақшамы» газеті биыл Алматыда 120-дан астам көше жөндеуден өтеді деп хабарлайды. Бұдан өзге қаланың алты ықшам ауданында ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңа жолдар салынады. Айта кету керек, бұған дейін Алматыда 524 көше жөнделген. «Абай даңғылы мен Саин көшесін үңгілеу жал­ғасып, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көше­сінің қиылысында, сондай-ақ, Рысқұлов даңғылы, Құлжа тракті мен Емцов көшесінің бойында жол­айрықтар салынады. «Әуежай» айналымы аталып кеткен Бұқтырма көшесі мен Құлжа трак­тісінің қиылысында жаңа жолайрығын салу жоспарланған. Тротуарлар мен арық желілерін абаттандыруға, қолданылмай­тын конструкцияларды алып тастауға, көріктен­діруге ерекше назар аударылады». Сырдария өзенінің бойы толық бақылауға алынды. Бұл шаралар су тасқынының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Дегенмен қазіргі таңда өзен жағдайына алаңдауға негіз жоқ. Өйткені су деңгейі айтарлықтай төмендеді деп жазады «Сыр бойы» Қызылорда облыстық газеті.  «Бүгінде Шардара су қоймасынан секундына небәрі 600 текше метр су түсіп жатыр. Оның 400 текше метрі «Көксарай» су реттегішіне алынуда. Сыр өңірінде өткен жылы өзен бөгетіндегі 26 қауіпті учаске нығайтылды. Сондай-ақ Сырдарияның су жайылуы мүмкін 56 аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған».