Енді мемлекеттік қызметшілер үйіне ерте қайтады

Primary tabs

Apr 27, 2019 / 0 comments

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметшілерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді олардың жұмыс уақыты сағат 17.30-да аяқталады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалиннің айтуынша, агенттік төрағасының тапсырмасымен агенттік және оның аумақтық бөлімшелері жаңа жұмыс уақытына көшіп, пилоттық режимге ауысады. Сағат таңғы 9.00-де басталатын жұмыс кестесі енді 8.30-да басталады. Ал түскі ас уақытын 1,5 сағаттан 1 сағатқа қысқарту арқылы агенттік қызметкерлері үйіне сағат 17.30-да қайтады. Бұл пилоттық режимнің нәтижесі оң болса, басқа да мемлекеттік органдарға енгізілетін болады. 

"Бұдан қандай пайда көреміз? Біріншіден, мемлекеттік қызметші отбасына және жеке өзіне көбірек көңіл бөледі. Өзін жетілдіруге уақыты болады. Спорттық секцияларға, мәдениет ошақтарына бара алады", - дейді Бердалин.