Жастар жылы бірқатар жұмыстар жүзеге асады

Primary tabs

Jan 25, 2019 / 0 comments

Бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы жақында ғана Жастар жылын салтанатты түрде ашып берді. Онда Елбасы «Тәуелсіздікпен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын біздің ертеңгі сенімді тірегіміз» деген жақсы сөз айтты.  Жастарға жол ашатын жақсы тетіктерді жариялап, Үкімет пен атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді.  Енді оны жүзеге асыру үшін жұмысқа кірісуіміз қажет», - деді кеңес барысында Бақыт Сұлтанов. Қала басшысы Жастар жылына орай арнайы Жол картасының әзірленіп, бекітілгендігін атап өтті. Денсаулық сақтау, білім беру, жастарды әлеуметтік қамту салаларында алдағы уақытта атқарылатын   шараларға кеңінен тоқталды. Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Жастар жылына орай 11 бағытты қамтитын Жол картасы әзірленген. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесі елордалық жастарға қолдау көрсететін 2019 қысқа нөміріне қоңырау шалу орталығы ретінде жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар,  ол Жол картасындағы барлық 11 бағыт бойынша жастарға кеңес береді. Жол картасы 100 жобаны және 600-ден астам іс-шараны жүзеге асыруды көздейді.