Жас ғалым

Primary tabs

Nov 30, 2018 / 0 comments

Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2018» жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Аталған байқауға 200-ге жуық жас қатысып, 19-ы үздік деп танылды. 28 қараша күні жеңімпаздарды  өңір басшысы Амандық Баталов құттықтап, әрқайсысына 250 мың теңгенің ақшалай сыйлығы мен естелік сыйлықтар табыстады.

Көшбасшы жастардың ішінде «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы»  номинациясын Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында орналасқан «Қазақ  егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің  кіші ғылыми қызметкері Рахия Елназарқызы жеңіп алды.  Марапатың құтты болсын, Рахия!