"Жылап аламын": Мақпал Жүнісова өзінен сахнадан кетуді талап етіп жүргендер туралы айтты

Primary tabs

May 02, 2019 / 0 comments

«Мен 1981 жылдан бастап үлкен сахнада жүрмін. Бірақ қанша рет концерт берсем де, өзіме көңілім толып көрген жоқ. Кейде шатасып, кейде дұрыс сөйлемей қалатын кездерім болады. Бір жерде шәйтан түртіп тұрады. Сахнада дұрыс тұрып келе жатып, жүрісім өзгеріп кететін кездер болады. Қатты қобалжимын», - дейді әнші. 

Әрі қарай ол өзінің халық сүйіктісі еместігін, барлық адамға бірдей ұнай бермейтінін жеткізді. Арасында желі қолданушыларының сөзіне бола жылап алатын кездері де болады екен. 

«Халықта көз бен сөз бар» деген рас. Өзіңнен өзің болмайтын әңгіме айтып кететін кездерің болады. «Мұны неге менің аузыма Алла тағала түсірді екен?» дегендей. Мені бәрі бірдей жақсы көреді деп айтуға болмайды. «Оңбаған, өлең айтпа. Ана жастарға құрсын жолыңды бермейсің бе? Неге қалыспай жүрсіз? Болды енді сахнадан кетіңіз» деп жазды. Жылағым келіп кетеді», - деді ол.