Израильде су тасқынынан екі адам қаза болды

Primary tabs

Jan 05, 2020 / 0 comments

Израильде толассыз жауған жауыннан ел астанасы Тель-Авивтің шеткі аудандарында су тасқыны жүріп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды kaskelen.kz «Хабар 24» - ке сілтеме жасай отырып. Кей жерлерде судың деңгейі бір метрге дейін жеткен. Бірнеше ірі тасжолдарды су басып, көлік қатынасы тоқтаған. Қазір жапа шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Ал, синоптиктер алдағы күндері тағы жауын жауып, су тасқыны жүретінін ескертуде. Осыған байланысты билік тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.