Картада жоқ беймәлім ауыл

Primary tabs

Feb 12, 2019 / 0 comments

Өскеменде әкімшілік білмейтін 100 тұрғыны бар ауыл анықталды деп жазады Аltaynews.kz

Елді мекеннің бар екені әкімнің есептік кездесуі кезінде белгілі болды.

Атаусыз ауылда тұратын Сара Ламурованың сөзінше, Черемушки мен Шығыс елді мекендерінің арасындағы жерді оларға 2015 жылы жеке тұрғын үй құрылысына берген.

Бірнеше жылдың ішінде онда көп-көрім ауыл пайда болған. Қазір онда 82 үй бар, құрылыс әлі де жүргізіліп жатыр.

Ауыл еш жерде тіркелмегендіктен онда су да, жарық та жоқ. Жолды ешкім тазаламайды. Сара Ламурованың отбасы есік алдынан құдық қазып, өздері де, көршілері де суды содан алады екен.

Тұрғындардың үйіне жедел жәрдем де, құтқару қызметтері де жете алмайтын көрінеді.

Қызметкерлерінен жауап ала алмаған әкім ақпанның соңына дейін ауылға барып, мән-жайды өзі анықтап қайтуға уәде берді.