Кей өңірде бұршақ жауады

Primary tabs

May 02, 2019 / 0 comments

Бейсенбі күні еліміздің басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, найғазай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.

Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, бұршақ түседі деп күтілуде.

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының басым аумағында күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Қарағанды облысында – тұман, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Ақмола және Қостанай облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Елордамыз Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +10 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда – жаңбыр, +18 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Сынап бағанасы +19 градусты көрсетеді.

Дабылды ескерту

2-3 мамыр күндері жауын-шашынға байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласына іргелес аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.