Көпбалалы отбасыдан және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балаларға арналған қосымша 5 000 грантты беру жөніндегі конкурс бойынша

Primary tabs

Aug 07, 2019 / 0 comments

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көпбалалы отбасыдан және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант бөлінді.

Аталған гранттар жергілікті атқарушы органдармен конкурстық негізде беріледі. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады.

Көрсетілген гранттарға көпбалалы отбасыдан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балалар үміткер бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-дан шекті балл жинау конкурстың негізгі шарты болып табылады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады.

Білім гранттарын тағайындау және ждоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезінде түпнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты;

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сондай-ақ, балалардың көпбалалы отбасынан шыққан немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасы қатарынан екендігін растайтын құжаттар көрсетілуі керек.

Білім гранттары иегерлерінің тізімін әкімдік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.

 

Облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5 000 грантты орналастыру:      

Облыстар

Гранттар саны

ЖАО жауапты тұлға

Контактілер

1.  

Нур-Султан қ.

165

 

Айтжанова Гульжан Жаксылыковна

8(7172)556878, 556857

2.  

Алматы қ.

190

 

Қанатбекұлы Ербол

8(727) 2622741

3.  

Шымкент қ.

 

390

 

 

Дарыбаева Гульнара Турдыбаевна

8(7252) 558718, 87023223782

4.  

Алматы

540

 

Саида Саманова

8(7282) 329689

5.  

Ақмола

390

 

Садвакасов Бекжан Серикович

8(7162)

903122, 903123

 

6.  

Ақтөбе

180

 

Калиева Гульбарам Есеновна

8(7132)

560461

87471142719

7.  

Атырау

220

 

Исанберденова

Аккенже Аяпбергеновна

8(7122)

270940

8.  

ШҚО

180

 

Алима Ақылбек

8(777)2267343

9.  

Жамбыл

460

 

Бектаева Шынар Сералиевна

8(7262) 438814, 438881

10.        

БҚО

100

 

 

Гумарова Зауре Базаргалиевна

8(7112)

260470

11.        

Қарағанды

195

 

Нұрсұлтан Гулдана Ерболатовна

8(7212) 412281, 87012883140

12.        

Қостанай

85

 

 

Киселева Ольга Павловна

8(7142)

575319, 575317

13.        

Қызылорда

390

 

Жунусова Шолпан Оралбаевна

8(7242)

605458, 605457

14.        

Маңғыстау

305

 

Кулатаева Клара Кашкинбаевна

8(7292) 571204

15.        

Павлодар

75

 

Азамбаева Нургуль

87052253237 8(7182)

663842

16.        

СҚО

60

 

Протокопова Татьяна Николавена

8(7152) 463288

17.        

Түркістан

1345

 

Касымбекова Айгуль

8(7253)

341719, 87781795901