Маңғыстауда тоғызқұмалақтан жастар арасында жекелей чемпионат өтті

Primary tabs

Feb 10, 2020 / 0 comments

7-9 ақпан күндері Қарақия ауданы №1 гимназия мектебінің залында 2004-2003 және 2002-2001, 2000-1999 жылы туылған жастар арасында тоғызқұмалақтан Маңғыстау облысының жекелей чемпионаты аяқталды.

Шараны Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткізілді. Жарысқа Ақтау қаласы, Маңғыстау ауданы және Мұнайлы ауданы, Түпқараған ауданы, Қарақия аудандарынан 5 команда, 60-тан астам спортшылар тоғызқұмалақтан классика, рапид, блиц түрлері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде Ақтау қаласының тоғызқұмалақ шеберлері 10 алтын, 7 күміс, 6 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте топ жарды. 

Маңғыстау облысының Тоғызұмалақтан аға жаттықтырушысы Гаухар Жакиеваның айтуы бойынша: «Қарақия ауданында өтіп жатқан жарыс, облысымыздағы іріктеу чемпионаты болып табылады. Осы жарыста үздік атанғандар, наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан Республикасының жастар арасындағы жекелей чемпионатына қатысады», деп қорытындылап өтті. 

 Жарыстың нәтижесінде төмендегідей:

Классика бойыншаорын алғандар (17 жас, ұлдар):

1.Қостұрған Еркебұлан, Қарақия ауданы,

2.Айладер Жақсылық, Мұнайлы ауданы, 

3.Айладер Самат, Мұнайлы ауданы.

Классика бойынша орын алғандар (17 жас,қыздар):

1.Тоғузбаева Жансая, Мұнайлы ауданы,

2.Жәрдем Назерке, Ақтау қаласы, 

3.Аллярова Алия, Мұнайлы ауданы.

Классика бойынша орын алғандар (19 жас,ұлдар):

1.Дауылтаев Әділбек, Ақтау қаласы, 

2.Беркинбаев Сабит, Мұнайлы ауданы,

3.Бақытжанұлы Алдияр, Ақтау қаласы. 

Классика бойынша орын алғандар (19 жас,қыздар):

1.Исан Жазира, Қарақия ауданы,

2.Зайхин Қаламқас, Мұнайлы ауданы,

3.Абатова Ақбота, Мұнайлы ауданы.

Классика бойынша орын алғандар (21 жас,ұлдар):

1.Тұрақбай Жұмакелді, Ақтау қаласы, 

2.Әділбай Нұрғазы, Ақтау қаласы, 

3.Алляров Жандос, Мұнайлы ауданы.

Классика бойынша орын алғандар (21 жас,қыздар):

1.Қосумбаева Айгерім, Ақтау қаласы, 

2.Қайрат Райхан, Ақтау қаласы, 

3.Айладер Нағима, Мұнайлы ауданы.

 

Рапид бойынша орын алғандар (17 жас, ұлдар):

1.Айладер Самат, Мұнайлы ауданы,

2.Айладер Жақсылық, Мұнайлы ауданы,

3.Сағындық Нұржан, Мұнайлы ауданы.

Рапид бойынша орын алғандар (17 жас, қыздар):

1.Тоғызбаева Жансая, Мұнайлы ауданы,

2.Бүкірбай Хиуаз, Маңғыстау ауданы,

3.Аллярова Алия, Мұнайлы ауданы.

Рапид бойынша орын алғандар (19 жас, ұлдар):

1.Тұрақбай Жұмакелді, Ақтау қаласы, 

2.Беркінбаев Сабит, Мұнайлы ауданы,

3.Бікірбай Сағадат, Маңғыстау ауданы.

Рапид бойынша орын алғандар (19 жас, қыздар):

1.Қайрат Райхан, Ақтау қаласы, 

2.Исан Жазира, Қарақия ауданы,

3.Нұрбергенова Ақерке, Ақтау қаласы. 

Рапид бойынша орын алғандар (21 жас, ұлдар):

1.Әділбай Нұрғазы, Ақтау қаласы, 

2.Дауылтаев Әділбек, Ақтау қаласы,

3.Оспанов Абзал, Ақтау қаласы. 

Рапид бойынша орын алғандар (21 жас, қыздар):

1.Қосумбаева Айгерім, Ақтау қаласы, 

2.Айтқұл Аружан, Қарақия ауданы,

3.Қалам Жасмина, Мұнайлы ауданы.

Блиц бойынша орын алғандар (17 жас, ұлдар):

1.Атчыбай Қуаныш, Ақтау қаласы, 

2.Сағындық Нұржан, Мұнайлы ауданы,

3.Жұмат Уәлихан, Ақтау қаласы. 

 

Блиц бойынша орын алғандар (17 жас, қыздар):

1.Жәрдем Назерке, Ақтау қаласы, 

2.Зайхин Сандуғаш, Мұнайлы ауданы,

3.Тоғызбаева Жансая, Мұнайлы ауданы.

Блиц бойынша орын алғандар (19 жас, ұлдар):

1.Тұрақбай Жұмакелді, Ақтау қаласы,  

2.Кенгесов Темур, Мұнайлы ауданы,

3.Бікірбай Сағадат, Маңғыстау ауданы.

Блиц бойынша орын алғандар (19 жас, қыздар):

1.Зайхин Қаламқас, Мұнайлы ауданы,

2.Қайрат Райхан, Ақтау қаласы, 

3.Нұрбергенова Ақерке, Ақтау қаласы. 

Блиц бойынша орын алғандар (21 жас, ұлдар):

1.Алляров Жандос, Мұнайлы ауданы,

2.Дауылтаев Әділбек, Ақтау қаласы, 

3.Әділбай Нұрғазы, Ақтау қаласы. 

Блиц бойынша орын алғандар (21 жас, қыздар):

1.Айладер Нағима, Мұнайлы ауданы,

2.Қосумбаева Айгерім, Ақтау қаласы, 

3.Айтқұл Аружан, Қарақия ауданы.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом және медальмен марапатталды.

 

     Айбек Мұханов,

 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.