Мұғалім студенттерден кешірім сұрады

Primary tabs

Jan 20, 2019 / 0 comments

Жаркентте колледж мұғалімі өзі ұрып-соққан студенттерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап. еклама 14

Ашуға булыққан мұғалім Елеусіз Бейсембаевтың айтуынша, ол осы топтың кураторы болған. Сол күні студенттері ұстазының "сабаққа барыңдар" деген талабын орындамай, өз істерімен кетіп қалған.

"Олардың бұл әрекеті менің көңілімді қалдырды. Мен оларды ұрдым. Бірақ күш қолданбадым. Оларға ешқандай да зиян тимегенін сол күнгі медициналық сараптама да растады", - деп түсіндірді ұстаз.

Сондай-ақ колледж мұғалімі бұл іске өкінетінін айтып, студенттер мен олардың ата-анасынан кешірім сұрады.

Ал Жаркент көпсалалы колледжінің басшылығы сол күні Бейсембаевті қызметінен босатқан. Мекеме басшысы Зағира Омарбекованың өзі бұл іске әлі күнге сенбейтінін айтты.

"Мен оны сабырлы, ұстамды адам ретінде мінездей аламын. Ол кісінің мінезі өте жақсы. Ал болған оқиғаның қалай орын алғанын әлі күнге түсіне алмай жүрміз", - деді мекеме басшысы.

Айта кетейік, студенттердің ата-анасы Елеусіз Бейсембаевтің үстінен "кәмелетке толмағандарға қоқан-лоққы көрсеткені" үшін арыз жазған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: