Мәскеуде қазақстандық студент өлі табылды

Primary tabs

Feb 27, 2019 / 0 comments

«25 ақпанда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жатақханасында сағат 18.00-де аталған университеттің бесінші курс студенті 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Тамирлан Кирибаев өлі табылды. Өлімнің алдын ала себебі – тұншығу», - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Т.Кирибаевтың өліміне байланысты Мәскеуде тергеуге дейінгі тексеріс басталды.

26 ақпанда Қазақстан елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарласып, бұл істі бақылауға алуды және жан-жақты қолғабыс көрсетуді сұрады. Қазіргі уақытта Т.Кирибаевтың туыстары Елшіліктің Консулдық бөлімінің қызметкерлерімен бірге Мәскеу қаласының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде. Барлық қажеттi тергеу шараларын, соның iшiнде сот-медициналық сараптамасын өткiзгеннен кейiн қайтыс болған студенттің денесі туыстарына берiледi.