Назарбаевтың құрметіне атаудан бас тартты: Сәтбаев, Әбілхайыр хан, Төле би және Абай көшелері атауын сақтап қалады

Primary tabs

Mar 29, 2019 / 0 comments

Қазақстандағы барлық жер-су атауларын бекітетін республикалық ономастикалық комиссия, елдің түрлі қалаларындағы көшелерге тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді қолдады. Бірақ Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Тараз облыстарындағы негізгі көшелердің атын өзгертуге байланысты дау тудырған атауларды бекітпеді, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Комиссия Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бірқатар облыс орталықтарының көшелерін қайта атау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы көшені қайта атау үшін ұсынылған көшелерді қайта қарауды ұсынды", - делінген бейсенбі күні мәдениет және спорт министрлігінің сайтында.

Мәслихаттың шешімі бойынша Атыраудағы Назарбаев даңғылы академик Қаныш Сәтбаевтың атын иеленген орталық көше болған. Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылына  бірінші президенттің атын беру көзделген еді. Тараз қаласындағы Төле би даңғылы, ал Қостанайда Абай атындағы орталық көше атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізілген еді. Бірақ бұл шешім әлеуметтік желілерде даулы мәселеге айналды. 

Айта кетейік,  облыс орталығындағы көшелерге тұңғыш президент есімін беру туралы уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқына ант беру кезінде айтқан еді. Сол күні парламент Конституцияға түзетулер енгізіп, олар Астанаға жаңа атау беруді шешкен еді.  Барлық ірі қалалардың мәслихаттары орталық көшелерді қайта атау туралы шешім қабылдады.