"Оянуға да мүмкіндік болмаған": ІІМ бес қыздың өліміне әкелген өрт туралы айтты

Primary tabs

Feb 12, 2019 / 0 comments

ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин Астанада бес қыздың өмірін қиған өрттің нақты себептерін айтты. Оның сөзінше, балалардың оянуға да мүмкіндіктері болмаған деп жазады NUR.KZ.

Ильин бес қыздың улы газға тұншыққанын мәлімдеді.

 

 

"Өрт басталған кезде олардың оянуға да мүмкіндігі болмаған.Түтін мұржасы шатырдың сыртқы қаптамасымен жанасатын кірпішпен жабылмаған, онда тек құбыр мен жылытқыштар ғана болған. Өрт шығуының негізгі себебі осы", -деді ІІМ басшысының орынбасары.