Президент сайлауына кандидат ретінде құжат тапсырды

Primary tabs

Apr 23, 2019 / 0 comments

Сәдібек Түгел "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президент сайлауына кандидат ретінде құжаттарын ұсынды. Бұл туралы 22 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Комиссия Сәдібек Түгелден өтініш, өмірбаяны туралы мәлімет, сайлау жарнасын төлегені туралы анықтама, жеке куәлігі мен дипломының көшірмесі, жоғары лауазымды қызметте істегенін айғақтайтын құжат қабылдаған.
Мамандығы журналист Сәдібек Түгел - Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде құжат тапсырған алғашқы үміткер. Ол 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.
22 сәуірде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының саяси кеңесі партия съезінде "Дат" газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапиді саяси ұйымның атынан сайлауға кандидат ретінде ұсынатынын хабарлаған. Оған дейін Жақсыбай Бәзілбаев та сайлауға түскісі келетінін айтқан. Олар Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын әлі тапсырған жоқ.