Президент сайлауының нәтижесі қандай?

Primary tabs

Jun 10, 2019 / 0 comments

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысына сәйкес, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

ОСК мәліметінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында Әміржан Қосанов - 16,2%, Дания Еспаева - 5,2%, Төлеутай Рақымбеков - 3,2%,  Амангелді Таспихов - 2,7%, Жамбыл Ахметбеков - 1,82%, Сәдібек Түгел - 0,92% дауыс жинады. Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын 17 маусымға дейін жариялайды.

Exit poll нәтижесі де осыған ұқсас. "Қоғамдық пікір" институты жүргізген сауалнама нәтижесі Тоқаевтың 70,13% дауыс жинағанын көрсетті. Сайлаушылардың 15,39%-і Әміржан Қосановқа, 5,32%-і Дания Еспаеваға, 3,86%-і Жамбыл Ахметбековке, 3,03%-і Төлеутай Рақымбековке, 1,41%-і Амангелді Таспиховқа, ал 0,86%-і Сәді-Бек Түгелге дауыс берген.

Ал "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 69,94% дауыс жинады. Әміржан Қосанов – 14,96%, Дания Еспаева – 4,78%, Жамбыл Ахметбеков – 3,06%, , Төлейтау Рахимбеков – 2,71%, Амангелді Таспихов – 2,63%, Түгел Сәдібек – 1,92% дауыс жинады.