Семейде 23 жастағы полицей өзіне қол салмақ болған әйелді құтқарды

Primary tabs

Apr 30, 2019 / 0 comments

Тәртіп сақшылары Ертіс өзенінен 60 жастағы әйел адамды құтқарды. Әйел адам көпірден секіріп, өзіне қол салмақ болды. 

Оқиға Семей қаласында болды. Полицияға қоңырау түсіп, ескі көпірден әйел адамның секіріп кеткені айтылды. Оқиға орнына жақын жерде кіші сержант Аслан Бегадилов болған. Ол суға секіріп, әйелге жүзіп барды. Оны жағаға алып шықты. 1959 жылы туған зардап шегуші ауруханада жатыр. 

Асланға әріптесі Тимур Жұманбек көмекке келді. 23 жастағы Аслан мен 25 жастағы Тимур әйелді судан шығарып, дәрігерлердің қолына тапсырды. 

Айта кетейік, 21 наурыз күні Атырауда полицей Шалқар Ақымғалиев өзенге секірген қызды құтқарам деп мерт болды. Қаза тапқан полицей мемлекеттік марапатқа ұсынылды.