Соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге беріледі

Primary tabs

May 08, 2019 / 0 comments

Жетісулық соғыс ардагерлеріне 500 мың теңгеден материалдық көмек беріледі 
Биылғы жылы Алматы облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 500 мың теңгеден материалдық көмек беріледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған салтанатты қабылдау барысында айтты. Аталмыш сома жергілікті бюджеттен бөлінген. Облыста барлығы 91 соғыс ардагері бар. 
Облыс әкімі Амандық Баталов салтанатты қабылдауға келген ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық, сергек көңіл, ұзақ ғұмыр тіледі. 
Ардагерлер атынан Сарқан ауданынан келген Берлібек Ысқақов мерекелік құттықтау сөзін арнады. 
Алғыс тілектерін аты аңызға айналған «паровоз апа» - Алтынай Есболатова және басқа да ардагерлер білдіріп, баталарын берді. 
Мұнан әрі салтанатты шара мерекелік түскі аспен жалғасты. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 150 ардагер мен тыл еңбеккері қатысты. Олардың әрқайсысына гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.