Тайландтағы жойқын дауылда қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Primary tabs

Jan 06, 2019 / 0 comments

Таиландтағы дауыл бәсеңдеп жатыр. Зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ, бірақ оларға демалып жатқан жерден алыс аумаққа бармауға кеңес беріледі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Дауыл 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні болды. Краби провинциясы, Пхукет аралы мен Андаман теңізінің солтүстік-батыс жағында болды. Таиландтағы курорттық аумақтарда демалып жатқан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Отандастарымыздан шағым түскен жоқ. Біздің дипломаттар жағдайды бақылап жатыр, барлығы қатаң бақылауда", - деп хабарлады Смадияров.

Таиланд билігіндегілердің мәліметінше, әлі бірнеше күн бойы жауын-шашынды ауа райы сақталады. Кейбір аудандар су астында қалып қойған екен.