Талдықорғандағы жастардың өз студенттік қалашығы болады

Primary tabs

Jan 30, 2019 / 0 comments

Студенттік жатақхана облыс орталығының ең ыңғайлы әрі сәулеті жарасқан жерінде бой көтермек. 
Ғимаратта студенттердің жақсы білім алуы мен тынығуына қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған. 1-ші қабатта кітапхана, асхана, шағын кино залы, медициналық пункт және студенттердің жеке қызығушылығына байланысты түрлі шеберханалар болады.
Сондай-ақ жоба бойынша әрқайсысы 3 адамға арналған 96 бөлме, галерея мен лифттің болуы ескерілген.
Жатақхана маңында қала жағажайы, сауда орталықтары, Қаратал өзенінің бойындағы серуендеуге арналған аллея, орталық саябақ, Ардагерлер саябағы және т.б. демалыс орындары, нысандар мен ғимараттар бар.
Бұл да облыс басшылығының Жастар жылында жастарға жасаған тамаша сыйы, ал жастар үшін бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізуге арналған ыңғайлы орындардың бірі болмақ. 
Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.