Қазақстандағы Грузия елшісінен де коронавирус анықталды

Primary tabs

Jun 19, 2020 / 0 comments

Қазақстандағы Грузия елшісі Зураб Абашидзеден COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik Грузия хабарлағандай, Абашидзе Қазақстан дәрігерлерінің қарамағында емделіп жатыр, оған грузин дәрігерлері де қашықтықтан кеңес беруде.

Дипломат ауруханаға жатқызылған ба, әлде үйінде емделіп жатыр ма және оның денсаулық жағдайының қандай екендігі туралы мәлімет жоқ.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы саны (19 маусымдағы жағдай бойынша) 16 351-ге жетті.