Қазақстандағы кәсіподақ федерациясы президенттікке өзінің үміткерін ұсынбақ

Primary tabs

Apr 24, 2019 / 0 comments

Қазақстандағы сайлауға дайындық қыза түсуде. Қазақстандағы кәсіподақ федерациясы президенттікке өзінің үміткерін ұсынуға дайындалып жатыр. Анықталғандай, Мұхтар Тінекеев пен Амангелді Таспиховтың кандидатурасы қарастырылуда. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үміткерлер бүгін, ұйымның атқарушы комитет отырысында тақыланды. Талқылау нәтижесінде бас кеңеске федерацияның төраға орынбасары Мұхтар Тінекеев пен ұймның БҚО-дағы бөлімін басқарушы Амангелді Таспиховты қарастыру ұсынылды.

Бас кеңес ақтық шешімді 24 сәуір күні қабылдамақ.

Айта кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен, партия мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Nur Otan атынан президенттікке үміткер болып Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды.

Қазақстанның қазіргі президенті мемлекеттік тілден емтихан тапсырып үлгерді.