Қазақстанда 400 мың теңге жалақыны кімдер алады?

Primary tabs

May 02, 2019 / 0 comments

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті биылғы жылдың І тоқсанында орташа жалақы мөлшері қандай болғанын мәлімдеді. Комитет мәліметінше, орташа жалақы 168 489 теңгені құрайды.

Биылғы жылы атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 110,5%, ал нақты жалақы индексі 105,2% құрды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 401,1 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 323,0 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік және қоймалау саласында – 218,2 мың теңге белгіленді. 

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 93,2 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 44,7% %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді. Оның мөлшері – 322,7 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 109,0 мың теңгені құрайды, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,3%-ға төмен деп хабарлайды Kaskelen.kz