Қазақстандықтардың қарызы 6 триллион теңгеге жеткен

Primary tabs

Dec 25, 2018 / 0 comments

Бүгінде қаржы мекемелерінен қарызға ақша алмаған адам кем де кем. 

Белгілі болғандай, 2018 жылдың қазан айының соңындағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың жеке қарыздарының жиынтық мөлшері 6 трлн теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың басымен салыстырғанда 14,4 пайызға артық.

Жеке несиелердің жартысынан көбі (2018 жылдың қазаны бойынша 53,1 пайызы) тұтынушылық несиелер. Несиенің орташа мөлшері 3,1 пайызға төмендеп, 534 мың теңгені көрсеткен. Олардың 91,4 пайызы банк секторының үлесінде.


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/