Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?

Primary tabs

Feb 02, 2019 / 0 comments

"Яндекс.Музыка" қазақстандықтардың қайталап жиі тыңдайтын әндерін анықтады, - деп хабарлайды Kaskelen.kz cілтемемен Тengrinews.kz тілшісіне.

Үздік 20 композициның ішінде бірінші орында, тыңдарман ең көп қайталап қосқан - рэпер MATRANG-тің "Медуза" әні. Ал одан кейін қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің "Медина" трегі тұр. Ал Қазақстанда әндерін  жиі тыңдайтын үздік 10 орындаушының тізімі мынадай:

1. Jah Khalib

2. Imagine Dragons

3. Скриптонит

4. LOBODA

5. Мот

6. XXXTentacion

7. Егор Крид

8. Miyagi & Эндшпиль

9. Элджей 1

0. HammAli & Navai

"Яндекс. Музыка" сарапшылары статистиканы зерттеп, орыс тілді орындаушылар көп тыңдалатынын анықтады. "Алматылық сервис қолданушысы рэпер KUKOYAKA-ның "POOPIN" трегін бір жылда 901 рет, ал Астаналық қолданушы НАZИМЫ & Тиматидің "2000" әнін 374 рет тыңдаған. Алматыда екі адам Quest Pistols тобының өнерін қайталап қосқанды жақсы көреді:  бірі "Непохожие" әнін 862 рет, екіншісі "Революцияны" 475 рет тыңдаған", - деп хабарлады сарапшылар.