Қарасай аудан әкімінің кубогі

Primary tabs

Apr 10, 2018 / 0 comments

Таяуда ғана Шамалған ауылындағы Үшқоңыр қазақ орта мектебінде, Астана қаласының 20 жылдығына орай, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, бірнеше спорт түрінен аудан әкімінің кубогына арналған жарыс өткізілді.

Аталған тартысты бәсекеге Қаскелең қаласы және ауылдық округтерден 500-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысын жалпы командалық есеппен айтар болсақ, бірінші орынды Шамалған ауылдық округі алса, Жаңашамалған ауылдық округінен құралған команда екінші болды.

Ал, Райымбек ауылдық округінің командасы үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар бүгін аудан әкімі дайындаған грамоталармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды, - деп хабарлайды Қарасай аудандық әкімінің баспасөз қызметі.