Қордай маңындағы апат: қаза тапқандар көп

Primary tabs

Apr 22, 2019 / 0 comments

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жол-көлік апатында көз жұмған 11-ші жолаушының азаматтығын анықтады.
Ол - Қазақстан азаматы. Бұған дейін ІІМ жолаушылар автобусы, жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан апатта Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының көз жұмғанын хабарлаған болатын.
Жедел жәрдем қызметінің 103 нөміріне қоңырау 20 сәуір күні, таңғы сағат 05:09-да түсті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан-ға Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы. 41 адам зардап шеккен. 11 адам көз жұмды (сегізі оқиға орнында жан тапсырды, екеуі Қордай аудандық ауруханасында көз жұмды, бір адам Гвардияның медициналық ауруханасында көз жұмды).
Еске сала кетсек, трагедия 20 сәуірде  Алматы-Ташкент тасжолының 181-ші шақырымында болды.
Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.